Рухани жаңғыру

ШЫМКЕНТ: 277 556 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 2 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 277 556 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 252 806 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 556 азаматтың ішінде 264 774 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Читать далее »

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды. Премьер-Министр Түркістанда жаңа халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылыс қарқынымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым ...

Читать далее »

АЙТАРЫ МОЛ КОНФЕРЕНЦИЯ

Шымкентте Индустриалды-техникалық колледжінде ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жиынды аталған колледждің директоры Т. Исахметов ашып, әйгілі философтың еңбектеріне тоқталды. Ой-тұжырымдарымен бөлісті. — Әл-Фараби дүниетанымының қайнар көзі тереңде. Тағылым алатын дүниелер өте мол. Ең үлкен жаңалығы — антикалық мұра мен исламды біріктіре отырып, мәңгілік мәдениет жасауында. Сондықтан әл-Фараби ...

Читать далее »

«РУХАНИ ҮШ ТІРЕК» ІСШАРАСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абайатындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттікрәміздерін дәріптеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағыттаоқырман қауыммен бірге сан алуан іс-шаралар өткізіледі. Міне, солардың бірі «Ұлттық рухтың нышандары» атты патриоттық тағылым кеші дер едік. Оған Абай ауданы әкімдігі аппараты мәдени-ағарту бөлімінің басшысы Бауыржан Арынғазиев, қалалақ Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Жани Қамбар, Мұхтар Әуезов атындағы ...

Читать далее »

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Албаев Рустам Қуанышбекұлы тағайындалды. Бүгін жаңа басқарма басшысы міндетін атқарушысын таныстырған қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының  кандидаты Рустам Қуанышбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Рустам Қуанышбекұлы 1978 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы ...

Читать далее »

Құрақ көрпе — қазақ қолөнерінің қазынасы

Онлайн іс-шаралар қарқыны күннен күнге арта түсті. Қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін түрлі онлайн насихаттар айтыла бастады. «Ұлттық киімдер», «Қыз тәрбиесі», «Құрсақ шашу», «Тұсау кесер», «Жылқы мәдениеті секілді түрлі тақырыптарды қаузап, халықтың танымын кеңейтуді қолға алған. «Құрақ — қазақ қолөнерінің қазынасы» тақырыбында салт насихатталды. Тікелей эфирді жүргізген салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкер Дана Мамекова. «Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘУЕЖАЙ АУМАҒЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ КӨЛІККЕ АРНАЛҒАН АВТОТҰРАҚ САЛЫНУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоба бойынша жалпы 5 гектар аумақты абаттандыру қарастырылған. Онда жер қазу, абаттандыру, асфальт төсеу, жарықтандыру, автотұрақ салу, аялдамалар салу жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша атқарылатын әр жұмысты мұхият тыңдаған қала басшысы өзінің ұсыныстарын енгізіп, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді. Халықаралық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды. Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, біліктілігі емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған. 2005 – 2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация ...

Читать далее »

«BIRGEMIZ» ҚОРЫ ШЫМКЕНТТІК 21864 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРУДЕ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылып жұмыс жүргізуде. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру. «Nur Otan» партиясының ұсынысына сәйкес «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы негізінде қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен ...

Читать далее »