Рухани жаңғыру

ИТКӨЙЛЕКТІ КІМ ТІККЕН?

Қырқынан шығару дәстүрімен қатар жүретін рәсімнің бірі – иткөйлек. Иткөйлекті тігу үшін қандай мата қолданылған, итжейде тіккен адамға қандай құрмет көрсетілген, көйлекті кейін қандай іске жаратқан? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын дәстүрге қатысты айдарымыздың кезекті санынан таба аласыздар. Итжейде қандай матадан тігілген? Баланың жарық дүние есігін ашқанда киетін алғашқы көйлегі – итжейдені түрлі маталардан тігеді. Шыт, сиса, бәтес, бөз ...

Читать далее »

ҰЛЫ ДАЛА ТӨСІНДЕГІ — МӘҢГІЛІК ЕЛ!

Мен- Қазақстан деген тәуелсіз елденмін! Қайда жүрсем де осылай,деп мақтанышпен айта аламын. Өйткені мен мәңгілікті ту еткен Алаш жұртында туып-өскен Көк бөрінің ұрпағымын. Қазақстан-ұлы дала төсіндегі ұлт пен ұлыс мекендеген бейбіт елге айналды. Тәуелсіздік ата-баларымыз аңсаған ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қан мен мұқалмаған жігердің күшімен келген ұлы ұғым. Орта Aзия төрінде көгінде көк туы желбіреген, ұлттық төл теңгесі ...

Читать далее »

Азиядағы алып глобус

Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орта­лық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табыл­мағандықтан, Ресейден арнайы алдыр­дық, – дейді глобусты жаса­ған оқушылардың ...

Читать далее »

Миды басқаратын құрылғы

Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импульсын басқаратын құрылғы ойлап тапты. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық конкурста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын. Жаңа құрылғыны №19 фи­зика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Гайдаренконың көмегімен құрастырып шығарған. Ол зерттеу жұмысымен бесінші сыныптан бері ...

Читать далее »

100 жасаған актриса Хабиба апай

100 жасаған актриса Хабиба апай Руханият 29.03.2016 1 пікір жазылған 20 рет оқылды Бұл күндері Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында дәстүрлі «Театр көктемі–2016» фестивалі жүріп жатыр. Биылғы өнер думаны қазақ сахнасының көзі тірі көрнекті актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналған. Жыл сайын Наурыз мерекесі және 27 наурыз Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілетін ...

Читать далее »