Спорт

ГРОСС ТРЕНАЖЕРІН ЖАСАУШЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ САЛ АУРУЫ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Церебралды сал ауруы бар балаларды аяққа тұрғызатын Гросс тренажерін ойлап тапқан шетелдіктер Түркістанға арнайы келіп, өңірдегі науқас балаларға көмек беруде. Жергілікті нұсқаушыларға шеберлік сабағын өткізген шынығу құралының авторы Юхан Гросс мәнерлеп сырғанаудан Эстонияның төрт дүркін чемпионы, әлемге аты әйгілі спортшы. Ол өз шәкірттерін жаттықтыруға арналған тренажерді осыдан жарты ғасыр бұрын ойлап тапқан. Уақыт өте бұл қондырғының сал ауруының зардабын тартқан ...

Читать далее »

«ОРДАБАСЫ» МАУСЫМДЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Футболдан Қазақстан премьер лигасы аясында шымкенттік «Ордабасы» командасы маусымның алғашқы ойынын Көкшетаудан келген «Оқжетпес» командасымен өткізді. Шымкенттік команданы қолдауға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Тартысты өткен матчта «Ордабасы» 1:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ойынның 57-минутында Р. Маурисью Брижиду гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады. Айта кетейік, «Ордабасы» командасы келесі ойынын 11 наурыз күні сырт алаңда «Астанамен» өткізеді.   Шымкент ...

Читать далее »

«ТҮРКІСТАН» ӘКК» АҚ» «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

Түркістан облысында туристік саланы дамытуға үлкен үлесін қосқалы отырған жоба — мемлекет тарапынан қолдау көрсететін «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы мен «KaskasuResort» ЖШС-мен бірлесе жүзеге асырылады. «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының аумағында тау инфрақұрылымы және коммерциялық аймақ орнатылмақ. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы тебу жолдары, арқанды және Бөген жолақтары, қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары мен ойын-сауық, спорторталықтары бой ...

Читать далее »

Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі тағы да кейінге қалды. Бұл жолы аймақтық лицензиялық жарысты өткізуден Қырғызстан билігі бас тартты.  Айта кетелік, Қытайда өтуі тиіс турнир коронавирустың өршуіне байланысты Қырғызстанға ауыстырылған болатын. Алайда, 27-29 наурыз аралығына жоспарланған құрлықтық доданы өткізуден Бішкек те бас тартып отыр. Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирустің қаупі ...

Читать далее »

«Ертіске» екі жаңа ойыншы келді

«Ертіс» қорғаушы Андрей Хрипков және жартылай қорғаушы Кристиан Добраспен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы павлодарлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазақстандық клуб 29 жастағы ресейлік қорғаушы үшін 300 мың еуро төледі. Ол «Зимбру», «Текстильщик», «КАМАЗ», «Нижний Новгород» және «Мордовия» командаларында доп тепті. Хрипков сонымен қатар Қырғызстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті. Ол мәскеулік «Динамоның» түлегі. Ал 27 жастағы Добрас Хорватияда дүниеге ...

Читать далее »

«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Бүгін «Астана» футболшылары Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысындағы соңғы жаттығуларын өткізді. Түстен кейін Михал Билек шәкірттері Анталия әуежайына барып, ол жақтан Қостанайға 29 ақпан күнгі Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойынға аттанады. Түпнұсқасы: fcastana.kz

Читать далее »

Головкин Деревянченкомен айқастан кейін алғаш рет рингке шықты

ҚазАқпарат — IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Калифорниядағы спорт залдарының біріндегі бокс рингінде түскен суретін әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат боксшының Twitter парақшасына сілтеме жасап. GGG өз демеушілерінің бірі — Chivas Regal брендінің промо іс-шарасына және автограф-сессиясына қатысты. «Рингке шыққан сәттегі сезімге ештеңе жетпейді. Бүгін Chivas Regal-да достарыммен бірге уақытты көңілді өткіздім», — ...

Читать далее »

Головкин мен Амир Хан жекпе-жекке шығуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Британ боксшысы Амир Хан (31-3, 19 КО) егер де Сауль «Канело» Альваресті (46-1-1, 32 КО) жеңіп, оның чемпиондық атағын иеленер болса, WBC белбеуін қорғау үшін Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы boxingnews24.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Головкинмен жекпе-жек туралы айту әзірге қиындау. «Канелоны» жеңгеннен кейін бұл турасында өзімнің командаммен ақылдасып, әрі ...

Читать далее »

Құрама маусымды жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті. Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақ­стандықтар бар болғаны 8-минутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серік­жан Мұжықов пен Бауыржан Ислам­ханның ұйым­дастырған шабуылына Мақсат Байжанов нәтижелі нүкте қойып, ...

Читать далее »