1 043 оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

elbasy                Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз.

Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең.

Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз.

Оның өзіндік себебі бар.

Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық.

Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды.

Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.

Еліміздің алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.

Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін.

Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын.

Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

1 комментарий

  1. Саламатсыз ба Ел басшы Нурсултан Ата
    Ким не деседе өз басым дән ризамын яғни канша ма уакыт мемлекет басшысы болып отырып мен сиякты көп балалы аналарға колдау корсеткенизге ,алдағы уакытта да сизге тилерим кыстын катты ызгарындай мыкты денсаулык ,көктем куниндей омириниз шырайлы болып картаймай аман есен жылдан жылға жете бериниз.
    Денинизге саулык омиринизге амандык тилеймин
    Аман есен букил алемдик дерттен аман болайык
    Көп балалы ана Абдиева Айгуль Музрапкызы өз баларыммен тилеймиз!!!!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*