96 оқылды

ҰЛТТЫҚ ПАРК – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

ҰЛТТЫҚ ПАРК – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 және құстың 300 түрі кездесетін Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі еліміздің табиғаты тамаша әсем орны. Ондағы өсімдіктер мен жануларлар дүниесін қорғап, сақтап қалуда қызметкерлердің еңбегі ерен. Табиғатты қорғау жұмыстарын жеке-жеке үш аймаққа бөлінгендіктен мұнда келуші туристтердің де саны жыл санап артып келеді. Тақырыпты таңғажайып табиғаттың куәсі болып, тау бөктерін көзбен көріп қайтқан тілші толықтырады.

Табиғаттың бар кереметін бойына жинаған Сайрам-Өгем мемелекеттік ұлттық табиғи паркі 2006 жылы ұйымдастырылып, оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты көрікті жерлері енді. Аумағы 149 мың гектар саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу. Қалпына келтіріп, республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Бұл парктің аумағынан Өгем, Сайрам су, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Дәубаба және Көкбұлақ өзендері ағып өтеді.
Шыңғыс Шуменов — Сайрам-Өгем Мемелекеттік Ұлттық табиғи паркі, жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы

Мұнда бекітілген аумақты күнде аралау, парктің табиғи байлығын сақтауды қамтамасыз ету, браконьерлерлерді алдын-алу үшін парктің инспекторлары күндіз-түні осында. Сондай-ақ, экскурсия барысында туристерді бастап жүру мен өрт қәуіпсіздік шаралары осы парктегі қызметкерлердің тағы бір негізгі міндеті. Тәжірибелі жолсерік мамандар мұндағы әр өсімдік пен жануарлар жайлы көптеген мәлімет беріп, қоршаған ортаның маңызын арттырады.
Шыңғыс Шуменов — Сайрам-Өгем Мемелекеттік Ұлттық табиғи паркі, жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы

Ұлттық парктің басшылары экологиялық туризмді бұдан ары дамыту үшін алдағы уақытта қосымша туристік бағыттар ашуды, мініс аттарының санын көбейтіп, қысқы туризмді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл қадамдар саябақтың туристік әлеуетін одан ары арттыра түспек. Шынында да туған өлкеміздің табиғаты әлемдегі мақтаулы елдердің ғажайыптарынан кем емес!..

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*