143 оқылды

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒДАР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласы – қазақтың маңдайына біткен дара Абайдың 175 жылдық мерейтойына ғана емес, бүкіл әлемдегі келеңсіз жағдайлар кезінде жариялануы саяси мәнге ғана ие емес, «хәкім Абайдың өсиетіне жүгініп, елдің болашағына жаңаша көзқараспен» қарап, қай кезде болмасын ұлт татулығы бірінші орында тұру екендігін көздеп отыр.

Жас мемлекетіміздің озық елдердің қатарына қосуға бар күш-жігерін салған Елбасының әрбір ісінде, алға қойған стратегиялық бағдарламаларында баба сөзі мен өсиетін ту етті.

Қазақстан мемлекеті 2050 жылға дейін батырлардың ерлігіне, адамзаттың осы заманғы ерен істеріне, жас ұрпақтардың жарқын болашағына сүйенген «Мәңгілік Ел» стратегиясын қабылдаған болатын. Елбасы мақаласында «Абай сөзі мен ойы» артта қалған 29 жылдың көрінісі мен алдағы болашақ талабына сай ұмтылыстар мен игі істерде нақты көрінетініне кәміл сенім білдіреді.

Ұлт кемеңгері А.Байтұрсыновтың 1913 жылы шыққан «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы күннен-күнге өз дәрежесіне ие болып келеді. Бір ғасыр бұрын берілген пікір қазақпен бірге жасасып, Елбасының мақаласына жалғасып, «тәуелсіз мемлекеттігіміздің арқасында» әлемге әйгілі боларлық дәрежеге де жеттік.

Елбасы атап көрсеткендей, әлемде болып жатқан «дерттің зардабы жер жүзіндегі мемлекеттердің ешбірін айналып өткен жоқ». Дегенмен де ұлт ұлыларының бізге қалдырған дана сөздерін, тәуелсіз мемлекетіміздің келешегіне деген үлкен сенімді ту ете отырып, барлық қиындықтарды еңсереміз.

Г.СҮГІРБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректор м.а.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*