213 оқылды

АБАЙДЫҢ СӨЗІ МЕН ОЙЫ БІЗДІҢ КҮНБЕ-КҮНГІ ТІРЛІГІМІЗГЕ КІРПІШ БОЛЫП ҚАЛАНУЫ ТИІС

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын оқып шығып, Абай әлемінің заманалар көшінен озып, бір ұлттың ұлы тұлғасына айналу жолындағы жасампаз тұлғасына, тұтас ұлттың қалыптасу жолындағы орасан еңбегіне көз жүгірткендей болдым.

Елбасының өзі мақаласында айтып өткендей; «Абай Құнанбайұлы тұлғасы да – сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір» дегені де біраз нәрсені аңғартатындай. Әр Ұлттың ескі мен жаңа заманалар тоғысында ұлы тұлғардың дүниеге келіп, ұлт болмысына, қалыптасуына, тарихына әсер ететіні сөзсіз. Біздің ұлттың болмысы Абай болмысымен — егіз. Абай әлемімен үндес. Абай әлемі біздің қан тамырларымызды бойлай ағып, сүйегімізге сіңісті болған, ешқашан ажырамайтын ұлттық қасиеттеріміздің жиынтығы.

Абай өз заманына кіріптар болса да, болашаққа үмітпен көз тіккенін ақын. Абай мінезінен өз ұлтын ғана емес, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» — жырлаған барлық адамзатқа ортақ жасампаз сананың ұшар биігін көреміз. Біз бүгінде қанатының астына 130-дан астам ұлт пен этностарды жинап, бір мемлекеттің, тұтас тарихин, мәңгілік жылнамасын жазып, тағдырын бастан өткеріп отырған жас мемлекетпіз. Бұл да болса кешегі Абай аңсаған, Абай аманаттаған «Қалың елі қазағы қайран жұртының» орындалған мұраты деп білемін.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде атап өтуге, тосыннан келген індеттің кесірі тигені белгілі. Бірақ Абай әлемі, Абай болмысы тек бір жыл ғана айтылып, тек бір жылмен ғана әспеттелмеуі тиіс. Елбасының пікірі де осыған саяды: «Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін».

Абай қазақ деген ұлт бар да, Қазақстан деген мемлекет бар да күнде жасауы, күнде айтылуы тиіс деп ойлаймын.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ,
Қоғам қайраткері

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*