318 оқылды

ҒАСЫРЛАРДЫҢ ЖАУЫНЫ ЖУЫП-ШАЙҒАН ҚАЛА

Қалаға жақын жерде біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына жататын сақ қорғандары аз емес, ал сақтар темірден соққан қанжар (акинак) Шымкенттің өз аумағынан табылды. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың шегінде және біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығының басында бұл жерлерді құдыретті де күшті кангюй тайпалық бірлестіктері жайлады. Дәл сол кезеңде пайда болған отырықшылық ауылдар кейіннен ғажайып қалаларға айналды. Шымкент қалашығының мәдени қабатының қуаты 14 метрге жетті. Оның ішінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың керамикасы белгілі болды.

Бұл дегеніңіз қыш күйдіргіштердің қолынан шыққан кеселер, құмыралар, цилиндр тектес ыдыстар және «бокалдар». Олар Самарқандағы көне Афрасиаб қалашығынан табылғандарға ұқсас әрі қала орталығына арналған бір үлгіде болып келеді (Осы тұста сол кезеңнің туындыларына сәйкес келетін екі алтынмен апталған жалпақ жапырақша дүниелерді еске ала кету керек болар – авт.).

Картаны мұқият әзірлеген тарихшылар да, 629 жылы қытай монахы Сым Цяньның жүріп өткен жолдарын жазған жылнамашылар да сол кездегі шаһардың аты араб тілінен аударғанда «Жаңа қала» деген ұғым беретін – Нуджикет болған деген қорытындыға келді. Бұл айтылғандарды кейіннен Шымкент деп аталып кеткен, Испиджаб (Сайрам – авт.) қаласының қақпасының бірі Нуджикет деп аталуы да нақтылай түседі. Археологтар қаланың дамуының бірнеше кезеңін сараптаудан өткізді. Айталық, VII-IX ғасырларға жататын қабаттарында араб басқыншылары кезінде қираған және өрт шалған іздер байқалады. Ал X-XII ғасырларда қала аумағы 30 га. дейін ұлғайған. Бұл қараханидтер басшылық құрған бейбіт кезең болатын…»

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*