293 оқылды

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҮЛКЕН ЭКСПЕДИЦИЯ

Осыдан бір апта бұрын Қазақстандағы өзінің тарихи өзегін сақтап қалған жалғыз қала – Шымкенттің атымен аттас «Ескі қалашыққа» Елбасы Н.Назарбаевтың табаны тиді. Бұл заманауи мегаполистегі 4,5 гектар аумақты алып жатқан көне қалашықтың тарихында елеулі күн болып жазылары анық. Зерттеулер біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтан бастау алатын қалашықтың тарихы тым тереңде екенін дәлелдеп берді. Ескі қалашықтағы мәдени қабаттардың тереңдігі орта есеппен 14 метрге дейін барады. Археологтар ең төменгі қабатынан б.з.д. ІІ ғасырдың басы мен ІІІ ғасырдың аяғы деп көрсетілген керамика бұйымдарының бөліктерін тапқан.

Шымшаһардың көне дәуірін елестету үшін ғасырлардың қойнауына үңілу қажет. Жуырда «Шымкент қаласына үлкен экскурсия» атты журналист, өлкетанушы марқұм Кеңесбай Исмаилов мәтінін жазған кітапша қолымызға тиді. Сондағы тарихи мәліметтермен бөлісуді жөн санадық.

Бабаларымыздың Бадам мен Арыс өзендерінің сағасындағы жұмақты жерге қос тігіп, орныға бастауының өзіндік себебі бар… Сол бір тым алыста қалған уақыт бедері туралы шымкенттік белгілі журналист, ұшқыр ойлы өлкетанушы Алексей Гончаров былай жазады: «Бізге тарихтан белгілі тайпалардың ішінде Шымкент маңына алғаш келіп қоныстанғандар – қола қару-жарақты жасаудың шебері адроновтар. Сондықтан да тарихшылардың олар жайындағы аңызы бір-біріне ұқсап жатады.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*