427 оқылды

ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп қала аумағындағы ғимарат қабырғаларында адам өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарының графикалық үлгідегі жарнамаларын өшіру бойынша «STOP: Есірткіге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа шақыру. Акция аясында аптасына бір рет графикалық үлгідегі есірткі жарнамаларын өшіру жоспарланған.

Іс-шара барысында қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына психобелсенді құралдар мен прекусорлардың жарнамасы ретінде салынған 281 графикалық үлгідегі суреттер анықталып, жойылды.
Графикалық үлгідегі жарнамаларды салған тұлғаларды анықтау мақсатында жақын орналасқан үй тұрғындарынан, меншік иелері мен жұмысшылардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде департамент қызметкерлерімен есірткі құралдарын интернет желісі арқылы таратумен, сондай-ақ олардың сілтеме парақшаларын графикалық сурет түрінде жарнамалаумен және насихаттаумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

#dp_shymkent #polisiakz #qriim_mvdrk #police_shymkent #департаментполициигородашымкент #шымкентқаласыныңполициядепартаменті

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*