983 оқылды

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келе ме?

Өз үйіңіздің мәселелерін өзіңіз шешкіңіз келе ме?

Олай болса мүліктің меншік иелері бірлестігін тіркеңіз.
Ал тіркеу жолын әдеттегідей парақшамыздың #oqy&toqy айдарында айтып береміз. Бұл бірлестік ХҚО арқылы тіркеледі және ол үшін:
📌Алдымен кез-келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
📌Операторға келесі құжаттарды ұсыну арқылы өтініш қалдырыңыз:
📎Көпқабатты үйдің тұрғындары мен үй-жайлары иелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы
📎Меншік иелерінің жарғысы немесе типтік жарғы негізінде жұмыс істеу жайлы өтініш
📎Қызмет ақысының төленгені туралы түбіртек

☝️Ескерту, ХҚО-ға өтініш беру үшін, тіркелетін меншік иелері бірлестігінің төрағасы келсе жеткілікті.

💰Қызмет құны — 1 АЕК (2 778 тг.)

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есептемегенде — 10 жұмыс күні.

✍️Керегеңіз кең, шаңырақтарыңыз биік болсын! 🙏

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*