265 оқылды

ШЫМКЕНТТЕН ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА КІМДЕР БАРАДЫ?

ШЫМКЕНТТЕН ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНА КІМДЕР БАРАДЫ?

Қазіргі таңда Шымкент спортшыларының қоржынында 4 Олимпиада жолдамасы бар. Атап айтсақ,бокстан Закир Сафиуллин, стенд атудан Сәрсенкүл Рысбекова, оқ ату түрінен Юрий Юрков, каратэден Дархан Асадилов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін лицензиялық жарыстар әлі де жалғасуда. Шымкент қаласынан олимпиадаға баруға үміткер спортшылардың қатарында әртүрлі спорт түрінен: Данияр Юлдашев, Павел Воржев, Дүйсебай Смайыл, Отгонцэцэг Галбадрах, Жайна Шекербекова, Сергей Емельянов және Дмитрий Кобловтар бар.

Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының спортшылары Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен кубоктары және біріншіліктеріне қатысып, 613 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 229 алтын, 198 күміс, 186 қола.

Ал Азия чемпионаттары мен кубоктарында 2 күміс және 3 қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем біріншіліктерінде қала спортшылары 1 қола медальге ие болды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командаларының сапына Шымкент қаласынан ересектерден – 422, жастардан – 332 және жасөспірімдерден – 272 спортшы енген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*