309 оқылды

«ТҮРКІСТАН» ӘКК» АҚ» «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ

5e579c49cbad4Түркістан облысында туристік саланы дамытуға үлкен үлесін қосқалы отырған жоба — мемлекет тарапынан қолдау көрсететін «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы мен «KaskasuResort» ЖШС-мен бірлесе жүзеге асырылады.

«Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының аумағында тау инфрақұрылымы және коммерциялық аймақ орнатылмақ. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы тебу жолдары, арқанды және Бөген жолақтары, қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары мен ойын-сауық, спорторталықтары бой көтеретін болады.

Жалпы, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 360 га жерінде орналасқан кешен аймақтың бай туристік құрамдастарын дамытуға бағытталған. Демек, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін талғампаз саяхатшыларға қысқы спорт түрлерін ұсынатын ғажап демалыс орны болмақ.

Еске сала кетсек, өткен жылы«Қасқасу» туристік – рекреациялық кешені» тау инфрақұрылымының жобасы Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген болатын.

2020 жылы «Түркістан» ӘКК тау-кен инфрақұрылымының бірінші фазасын іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нысанның техникалық экономикалық негіздемесіне оң қорытынды алынған және жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жіберілді.

«Түркістан» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*