Әдебиетіміздің асыл кені

Жамбыл бабамыз өзінің ға­сырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады, поэзия әлеміндегі туған халқының мақтанышы, әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нәзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер әрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз – есімі қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Ақиық ақынның ...

Читать далее »

Сүлеймен патша заманының құпиясы

Қазіргі заманғы Израиль жерінің түстігіндегі Тимна жазығында ертедегі энео­лит дәуірінен орта ға­сырларға дейін мыс өн­дірген кен орындары болған. Бірқатар зерт­теушілер бұл жерде Тәу­ратта кездесетін белгілі пат­ша Сүлейменнің най­засы жатқан деседі. Ал мұн­дағы шахталар ауасының құрғақтығынан органикалық ма­те­риал­­дар, соның ішінде дән, тері және мата жақсы сақталады екен. Жақында Тимна жазығында болып қайтқан Тель-Авив университетінің экспедициясы Дәуіт және Сүлеймен пайғамбар-патшалар өмір сүрген ...

Читать далее »

Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасы сақталады

АСТАНА. 29 наурыз. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мәдени мұраларын сақтау және  шығармаларын көпшілікке таныту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасақтайды. «Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес, сондай-ақ барлық елге танымал тұлға. Оның аты ...

Читать далее »

Айтулы азамат еді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсанов өмірінің маңызды кезеңдерінің бір бөлігі Мырзашөл жерімен байланысты. Сонымен қатар, ол кісінің жан жары Саида жеңгеміз – киелі Жетісай өңірінің қызы. Мұстақым ағамыздың жалындаған жастық шағы, албырт кезеңі Мырзашөлдің ыстық алқабында құрыштай шыңдалды. Мұстақым Біләлұлы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бі­тірген соң Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол ко­митетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін ...

Читать далее »

Әлихан әлемі

Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың туған жері Қарағанды облысының бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданы. Осы ауданды «контрреволюция ордасы» деп атап, оның халқын бертінге дейін айрықша бақылауда ұстады. Осы аудан орталығында Әлиханмен аталас Кейкі төренің қабірінің көртопырағын ештеңеден сескенбей тегістеп, тақтай еден төсеп, төрт құлақты саман кірпіштен қаланған мазарының төбесін шатырлап, НКВД аудандық бөлімінің кеңсесіне айналдырғанын, оның ...

Читать далее »

Ыдыс жуғыш сұйық

Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр. Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының ...

Читать далее »

Алғашқы қызғалдақ

Оңтүстік өңірінде қауыз ашты Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын. Биыл оңтүстік өңірде көк­тем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қыз­ғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі. Статистикалық мәлімет­терге сүйенсек, әлемде қыз­ғал­дақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер ...

Читать далее »

Головкин мен Амир Хан жекпе-жекке шығуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Британ боксшысы Амир Хан (31-3, 19 КО) егер де Сауль «Канело» Альваресті (46-1-1, 32 КО) жеңіп, оның чемпиондық атағын иеленер болса, WBC белбеуін қорғау үшін Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы boxingnews24.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Головкинмен жекпе-жек туралы айту әзірге қиындау. «Канелоны» жеңгеннен кейін бұл турасында өзімнің командаммен ақылдасып, әрі ...

Читать далее »

Құрама маусымды жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті. Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақ­стандықтар бар болғаны 8-минутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серік­жан Мұжықов пен Бауыржан Ислам­ханның ұйым­дастырған шабуылына Мақсат Байжанов нәтижелі нүкте қойып, ...

Читать далее »