Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті. Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақстандықтар бар болғаны 8-минутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серікжан Мұжықов пен Бауыржан Исламханның ұйымдастырған шабуылына Мақсат Байжанов нәтижелі нүкте қойып, ...
Читать далее »Талассыз таза ұтыс
«Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымдағы кезекті жекпе-жегін Петропавл қаласында өткізіп, мұхит асып келген «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен қолғап түйістірді. Бокс десе, ішкен асын жерге қоятын солтүстікқазақстандық жанкүйерлердің бұл күнді тағатсыздана күткені соншалық, «Жеңіс» спорт мектебінің атшаптырым залында тізе бүгер орын табылмағандықтан, былғары қолғап шеберлерінің шаршы алаңдағы жан алысып, жан беріскен айқасын түрегеп тұрып тамашалағандарда есеп болмады. ...
Читать далее »Азиядағы алып глобус
Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орталық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табылмағандықтан, Ресейден арнайы алдырдық, – дейді глобусты жасаған оқушылардың ...
Читать далее »Миды басқаратын құрылғы
Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импульсын басқаратын құрылғы ойлап тапты. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық конкурста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын. Жаңа құрылғыны №19 физика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Гайдаренконың көмегімен құрастырып шығарған. Ол зерттеу жұмысымен бесінші сыныптан бері ...
Читать далее »100 жасаған актриса Хабиба апай
100 жасаған актриса Хабиба апай Руханият 29.03.2016 1 пікір жазылған 20 рет оқылды Бұл күндері Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында дәстүрлі «Театр көктемі–2016» фестивалі жүріп жатыр. Биылғы өнер думаны қазақ сахнасының көзі тірі көрнекті актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналған. Жыл сайын Наурыз мерекесі және 27 наурыз Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілетін ...
Читать далее »Балыққа да басымдық берілмек
Күршім ауданында екі жыл бұрын «Төретоғам» ЖШС атты ірі балық ресурстарын аулау және өңдеу кәсіпорыны ашылған. Аудандағы жұмыс сапарымыздың аясында аталған зауыттың жұмысымен танысқан едік. Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, аудан көлемінде 6 елді мекен жағалауда орналасқан. 300-ге жуық тұрғын тікелей балық аулау кәсібімен шұғылданады. Бұл – Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жұрттың ежелгі кәсібі. Аудан әкімі ...
Читать далее »