МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ШИПАЖАЙДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУДА

Түркістаноблыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайында мақтааралдық балаларға»Біз-денсаулықты қолдаймыз» атты челлендж ұйымдастырды.Бүлдіршіндерге түрлі төтенше жағдайлар орын алғанда немесе жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде.Сонымен қатар, балалармен ребус шешу арқылы ақпараттар берілді. Балалар өте жақсы жауап беріп, белсенділік танытуда. Айта кетейік,Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың бастамасымен Мақтаарал ауданының тасқын судан ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАУІПТІҢ БЕТІ ҚАЙТЫП, ҮЙЛЕР ЖАУЫН СУЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Биылғы жылдың13 мамыр күні Қазығұрт аудандық өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген ауыл округ тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен болатын. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері шығып, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсете білді. Жедел ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде Қазығұрт ауданының Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтеріндегі 6 үйдіңауласынан су тарту, арықтарды тазалаужұмыстары ...

Читать далее »

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысының барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының  көктемгі егіс жұмыстары мен энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын тексерді. Алтай ауданында Үкімет басшысы «Нивы Алтая» ЖШС-нің егіс алқаптарының құрылымымен және көктемгі дала жұмыстарының барысымен, Тұрғысын СЭС құрылысымен, сондай-ақ Алтай қаласының ауданаралық ауруханасының инсульттік және кардио орталықтарының қызметімен танысты. Өскемен қаласында Премьер-Министр ...

Читать далее »

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді 15-мамыр отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы құндылықтарын насихаттау біздің еліміздің басты міндеттерінің бірі. Отан отбасынан басталады. Отанға деген құрмет пен махаббаттың бастауы — отбасыда. Ақын Қасым Аманжоловтың сөзімен айтсам, елін сүйер, сеніңіз, өз отбасын сүйе алған. Үйлесім мен ынтымақ, махаббат пен сыйластық әр отбасының ажырамас тірегі. Осындай ізгілікке үндейтін айтулы күні әрқайсысыңыздың шаңырағыңызға шаттық, құт-береке, амандық тілеймін! ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ЖОЛ КАРТАСЫМЕН» ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА 3 198 АДАМ ТАРТЫЛАДЫ

Жол саласындағы жұмыстар негізінен қайта құрылымдау мен жөндеу болып бөлінеді. Биыл Шымкент қаласында 10 нысан – 13 шақырым жол, 3 көпір, 1 оң жақ өткел қайта құрылымдаудан өтеді деп жоспарланған. Бұлардың қатарында А-2 автожолы мен Темірлан тасжолының қиылысындағы көлік өткелдері, А-2 автокөлік жолының бұрынғы қоқыс полигонынан Ынтымақ шағынауданына дейінгі бөлігін жөндеу, Жібек жолы, Төреқұлов, Адырбеков, Бадам өзеніндегі автокөлік көпірлері мен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында «Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен танысты. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында аталған мәдениет ошағы 2007 жылы құрылған болатын. Салтанатты ашылу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 21 НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкентте соңғы екі тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясынан 21 науқас емделіп шықты. Дертінен сауыққандар 5 және 52 жас арылығындағы азматтар. Барлығы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар екі аптадан аса дәрігерлердің бақылауында болып, ауруханадан үйлеріне шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 171 науқас дертінен айығып шықты.

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙЛЕР ЖОҚ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 ...

Читать далее »