Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды. Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер. Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қызмет атқарған. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар ...

Читать далее »

САЙРАМ АУДАНЫНДА СҮТ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Сайрам ауданына келді. Облыс басшысы әуелі Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу – Шымкент» автомобиль жолының қайта құру жұмыстарымен танысты. Содан кейін аудан әкімі Ұласбек Сәдібековпен бірге «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында көмек алған Қарасу ауылдық округінің тұрғынының шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көрді. Бұдан кейін Өмірзақ Естайұлы Сайрам ауданынан өтетін облыстық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ГҮЛ ЖАЙНАҒАН ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

Шымкент қаласы биыл гүл жайнаған қалаға айналады. Шуақты өлкенің жасыл желегі бұрынғысынан да көркейіп, жайқала түспек. ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтарды қала көркін келтіруші әсем гүлдермен қарсы алмақ. Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді. Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, ...

Читать далее »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ 8 БАЛАЛЫ ОТБАСЫНЫҢ ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмек көрсетілген Төлеби ауданы, Зертас ауылдық округіндегі 8 балалы отбасының шаңырағына барып, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Көмекке мұқтаж Қуат Оралов шиттей бала-шағасымен алақандай бір бөлмелі үйде тұрып жатыр. Тұрақты жұмысы жоқ отбасы кәмелет жасына толмаған балаларына алатын жәрдемақыға жан бағып жүр. Бағдарлама аясында отбасына қол ұшын созған жергілікті кәсіпкер жуық арада үйінің шатырын жөндеуді ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҢА ФОРМАТТА ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен биылға жоспарланған міндеттер туралы есебін TedX бүкіләлемдік тәжірибе негізіндегі жаңа форматта өткізді. Шаһар басшысының халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оның жаңашылдығына оң бағасын берді. «Біз – күллі түркі әлемінің мәдени-рухани ордасына айналған қасиетті мекеніміз – Түркістан шаһарын тарихи құндылықтарына қиянат жасамай, қаз-қалпы сақтай отырып ...

Читать далее »

Мемлекет басшысының Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды. Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды. Осыған орай, мен Үкімет комиссиясын құруды тапсырдым. Оған Премьер-Министрдің ...

Читать далее »

«Абайдың шығысы батысынан басым жатыр…»

— Мекемтас аға, балалық шағыңыз қиындау кезеңмен тұспа-тұс келді. Қиыншылықты да бала кезден бастан өткердіңіз. Сол балалық шақтан есіңізде қалған ерекше жайттар, сағыныш жайында сыр шертсеңіз. — Мен анамнан қалған жалғыз ұл баламын. Сондықтан болса керек шешем мені шамадан тыс еркелетіп өсірді. Анам діндар кісі еді. Мектепке барғанша үйде кәлимаға тілімді келтіріп, діни әдет-ғұрыппен біртіндеп санама сіңдіре бастады. Бастауыш сыныпты ...

Читать далее »

ИГІЛІКТІ ІСІ ЕРЕН АНА

Төзім мен шыдам әйел табиғатына жат нәрсе емес. Мұның барлығы адам баласы үшін де, қоғам үшін де өте маңызды. Өйткені әйелдер жаратылысынан барынша жауапты, жинақы, тәртіпшіл. Олар – пысық қауым, соның арқасында кез келген жұмысты аяғына дейін жеткізе алады. Еңбек адамы қашанда алға ұмтылысы мен еңбекқорлығының арқасында жетістіктерге жететіні айқын. Соның дәлелі болып отырған Бибімариям Тұрмаханова – еңбектің наны тәтті екенін дәлелдеп, ең ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының әуежайында коронавирусты инфекцияға күдікті науқас түскен жағдайдағы шаралар бойынша оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуға Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Шымкент қалалық бөлімшесі, және медициналық ұйымдар қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем көрсету қызметі, санитарлық-карантиндік бақылау бекеті, Төтенше жағдайлар департаменті және әуежай қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу ...

Читать далее »