Атамекен

Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Астана қ. мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып тастаған. 2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, «Ұлан» ұлттық гвардиясында, Астана ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛ: «САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ» ҚОРЫ 20 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАДЫ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі. «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың шілде айының соңында толық аяқталып, тұрғындарға кілті табысталады. «Мырзакенттегі біздің ...

Читать далее »

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ А. МАМИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді. Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасыға арналған жаңа шағын ауданның құрылысымен танысты. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАҚТАРАЛДА ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері мен техникалары Мақтааралдағы су басқан елді мекендерде алғашқы күннен бастап авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басу жағдайына байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жеке құрамнан 40 құтқарушы мен арнайы және қосалқы 8 техника мен 1 квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемелі қайық) ...

Читать далее »

Шымкент қаласы бас жоспарының тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық байқау жарияланады

Кіріспе Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылды. Байқау Ережесі Тұжырымдамаға 1 Қосымша Техзадача

Читать далее »

МАҚТААРАЛДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КӨКТЕМГІ АГРО ШАРАЛАРҒА ҚОЛБАЙЛАУ БОЛЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен аймақтарды ретке келтіру жұмыстары көктемгі дала жұмыстарын нәтижелі жүргізу ісіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Қазірдің өзінде мырзашөлдік шаруалар 60 мың 926 гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар отырғызу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті. Бөлім басшысының айтуынша, Мақтаарал ауданындағы 5 ауылдытопан су шаюына байланысты жарияланған төтенше ...

Читать далее »

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ МЕН КӨКСАРАЙ СУ РЕТТЕГІШ ҚОЙМАСЫНЫҢ АЙМАҒЫ АЛҒАШ РЕТ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛУДА

Түркістан облысында Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауына шашу әдісін қолданып улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұм елді мекеніне дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ...

Читать далее »

Мемлекет басшысының туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түсті. Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады. Сонымен қатар Қазақстан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шағын және орта бизнес субъектілерін дағдарыс жағдайында қолдау мәселелері бойынша жиын болып өтті. Мәжіліске аудан әкімдері, тиісті салалық басқармалар мен Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Shymkent» ӘКК қатысты. Онда төтенше жағдай кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында дағдарысқа қарсы шаралар жобасын қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков таныстырды. ...

Читать далее »