ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

116

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те өз таңдауын жасап, дауыс берді. Шаһар басшысы Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне келді.

—Бүгін еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Бұл сайлау еліміздің одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенемін. Қазақстан Республикасының азаматы, Шымкент қаласының тұрғыны ретінде мен де дауыс беріп, өзімнің азаматтық борышымды өтеуге келіп тұрмын, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі сайлау жоғары деңгейде, заң талаптарына сәйкес, ашық әрі өтеді деп сенім білдірді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 512 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі жалғасуда. Қаламызда белсенді дауыс беру құқығына ие 639 663 сайлаушы бар. Барлығы 1 қалалық, 5 аудандық және 512 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оған қоса бұл жолғы сайлауда бір мандатты сайлау округтері де құрылғаны белгілі. Соның ішшінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне 2 округтік, ал, Шымкент қалалық мәслихатына 16 округтік сайлау комиссиялары өз жұмысын атқарып жатыр.

«Шымкент келбеті»

Advertisements