ТҮРКІСТАН: ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИГ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСТЫ

119

2023 жылы 11-15 қыркүйек аралығында Қырғызстан Республикасы Шолпан-Ата қаласында ТМД елдерінің кеден қызметінің басшылары кеңесінің 23-отырысы өтті. Аталған отырысқа Түркістан облысы бойынша ЭТТД-нің басшысы Е.Т.Балғабаевтың төрағалығымен ҚР ҚМА-нің делегациясы қатысты.

Кеңестерде кеден саласындағы экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз халықаралық айналымына қарсы күрес, ақпараттық-талдамалық өзара іс-қимыл және интернет желісіндегі құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кедендік тергеу және анықтау мәселелері талқыланды.

Іс-шарада Қазақстандық делегациясы қырғыз, әзірбайжан, өзбек, ресей, беларусь және армения тараптарының кеден органдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселедері бойынша екіжақты кездесулер өткізілді.

Отырыс қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша хаттамаларға қол қоюмен аяқталды. Бұл барлық қатысушылардың ортақ мүддені білдіретін кедендік ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылысы туралы куәландырады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Advertisements