«Әсем қала – Алматы» атты фотобайқауы

136

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен қыркүйек айының 21 жұлдызында, Арбат алаңында «Әсем қала – Алматы» атты фотобайқауы өтті.
Байқау барысы Алматы қаласының тарихи және мәдени мұрасына, өлкенің әсемдігіне қоғамның, тұрғындардың қызығушылығын арттыруды, сондай-ақ туристік орталық ретінде беделін қалыптастыруды жан-жақты көздеді.
Байқау мақсаты:
Сүйікті қаламыздың көркем де әсем келбетін фотоөнер арқылы дәріптеу, қоғамның туған жерге деген сүйіспеншігілігін арттыру.
Байқауға 13 жас пен 62 жас аралығындағы 400-ге жуық қатысушы қатысты. Конкурс қатысушыларын іріктеу және жеңімпаздарды анықтау қатарында сарапшылар, медиатұлғалар және өнер қайраткерлері болды.
Жүлделі 1 орынды Алтынбек Рахымбек, 2 орын Сихымбекұлы Азиз, 3 орын иегері Ұзақбай Маржан.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында әрбір қатысушы «Фотосурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамытып, насихаттауға ықпал жасай алдым ба?» деген негізгі сұраққа жауап алды.

Advertisements