ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

121

Еңбек күніне орай Сауран ауданында аймақ басшысы Ғалымжан Үсенбаев тұрғындарды атаулы мерекемен құттықтап, еңбекте бағы жанған азаматтарға құрмет көрсетті.
– Бұл мереке – адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымды білдіремін! Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов еңбек ардагерлерін марапаттап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Advertisements