ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

106

Мақтаарал ауданында биыл 64,8 шақырымды құрайтын 73 ішкі көшеге асфальт төсеу, 3,9 шақырымды құрайтын 8 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 1 миллиард теңгеге 48,9 шақырымды құрайтын 55 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда 42 көшеге асфальт төселді. Сол секілді облыстық бюджеттен 21,5 миллион теңгеге ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын 1 ішкі көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобада асфальт төсеумен қатар, ойын алаңшасын салу жұмыстары да қаралған.
Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен құны 294,9 миллион теңгеге ұзындығы 14,6 шақырымды құрайтын 18 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 30 миллион теңгеге 8 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, 2018 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 22,3 пайызды ғана құрайтын немесе 115 шақырым ғана жолдар асфальтталған болатын. 5 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 78,5 пайызға жетіп, яғни асфальтталған жолдардың ұзындығы 435 шақырымды құрады.
Жалпы 5 жылдың ішінде 319 ішкі көшеге асфальт түскен. Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 2,7 миллиард теңгеге 117 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements