ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ АРТУЫ – ЕЛГЕ ҚҰТ

472

КӨМЕКБАЕВА БАЛҚИЯ ӘБДІМАНАПҚЫЗЫ, Әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі:

Елімізде Қзақстан халқының саны 20 миллионға жетті деп халық қуануда. Ал нақты көрсеткіш халық саны 19,9 млн адамды құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артқан екен. Шынымен қуанатын жай. Жалпы елімізде демографиялық жағдай қарқынды дамып келеді. Яғни, «Балалы үй базар» дейтін отбасылардың саны артып отыр.
Адами капитал әрқашан елдің тұрақты дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Себебі, кез келген елдің демографиясы ішкі саясат, экономикаға тікелей әсер етеді.
Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бiр тармағын демографиялық ахуалға арнайды
Президент халыққа Жолдауында 2023 жылдың соңына дейін Қазақстан халқы 20 млн адамға жететінін атап өткен болатын. Соңғы 10 жылда өсім шамамен 3 млн адамды құрады. Бұл ретте халық құрылымында жастар үлесінің өсуі байқалады.
Біріккен ұлттар ұйымының зерттеуі бойынша 2050 жылға қарай Қазақстанда ерлердің орташа жас ұзақтығы 75 жас, ал әйелдердікі 84 жас болады. Ал Қазақстан халқының саны 24,3 млн адам болады деп болжануда.
Несі бар, болжау тура бола берсін. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асып, жүйелі жұмыс істеп отырса, ол елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына дем бере алады. Ал сарапшылар ұлан байтақ қазақ жерінің игілігін толық пайдалану үшін халық саны ең кем дегенде 30 миллион болуы керек екенін айтады. Сондықтан демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық әлеуетінің, медициналық қызметтің сапасының артуына тікелей қатысты.
Еліміздің халық саны артты деп қуануы көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, «төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді» деген.

Advertisements